Көрер жарығы бар екен. Алматыда туғанына не бәрі 36 күн өткен сәбидің жүрегіне ота жасалды. Күрделі операция 3 сағатқа созылыпты. Анасының құрсағында жүрек ақауы анықталған шарананың өмірге құлшынысы мен дәрігерлердің көмек беруге ұмтылысы шығар. Ота сәтті өтті.