
Жұрт жалдамалы пәтер жағалап, Ұлы дала квартиранттарының армиясы босып жүргенде, мына жаңа салық кодексі шаршы метрлердің бағасын одан сайын құтыртып жібермей ме? Ал, үш жерден салынайын деп жатқан АЭС-ке тартылатын 14 млрд доллардың қанша теңгесі біздің компанияларға бұйырады? Осы сынды өткір сауалдарға бүгін Премьер-министр Олжас Бектеновтің өзі жауап берді. Жалпы о кісінің Үкіметті басқарғалы бүйтіп ел алдына шығып тұрғаны бірінші рет-ау? Әдетте орынбасарлары қойылған сұраққа қаласа жауап беріп, қаламаса қолын бір сілтеп кете барушы еді. Бұ жолы премьер қос қапталына барлық оң қол, сол қолдарын жинап алып, тырп еткізбей, соңғы сауалға дейін тыңдады.
Наш сайт -
Tik-Tok -
instagram -
Facebook -
Telegram -
Qoslike -
Көреміз -
#новости #новостиказахстана #первыйканалевразия #первыйканалевразия #новости #новостиказахстана