
---------------------------------------------
Ақтаудағы ұшақ апаты -
Бишімбаев ісі -
Су тасқыны бойынша барлық ақпарат -
Жұмбақ өлімдер -
Бүгінгі шығарылымда:
Семейде жоғары сыныптың ұл-қыздары бір оқушыны тепкінің астына алып, әбден қорлаған. Оңбай таяқ жеген алтыншы сыныптың оқушысы қазір дәрігерлердің бақылауында. Полиция осы дерек бойынша тергеу жүргізіп жатыр.
Бұл оқиға сенбі күндіз болған. Бейнежазбадан бір топ ұл-қыздың жәбірленушіні аяусыз соққыға жыққанын көруге болады. Қорғансыз балаға жабылған оқушылар жеткіншекті мазақ қылып, даладағы нәжісті қолына ұстатып, мүшеқапты үрлеткізген. Ол аздай тізерлетіп, кешірім сұрауға мәжбүрлейді. Ең сорақысы, олар бұл сорақылықтың барлығын видеоға түсіріп, желіге жүктеген. Белгілі болғандай, тәртіп бұзған жоғары сыныптың оқушылары екен. Олардың ата-аналары жазаға тартылмақ. Білім бөлімінің өкілдері мектепте жиналыс өткізіп, түсіндіру жұмыстары жүргізіледі деп отыр. Ал, тентек оқушыларды полицияның арнайы есебіне қою жоспарланған.
ҒАЛИЯ НҰРҒАЛИЕВА, Семей қаласы білім бөлімі басшысының орынбасары:
- Жәбір көрген 6-сынып оқушысы бүгін сабаққа келген. Дәрігердің көмегіне жүгінбеген. Қазіргі таңда мектеп басшылығы оқушылармен және олардың ата-аналарымен түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. Бұл мәселе құзырлы органдардың бақылауында. Полиция департаменті тергеу жүргізіп жатыр.
---------------------------------------------
Біз барлық әлеуметтік желідеміз, тіркеліңіз:
Бізді әлеуметтік желіде оқыңыздар:
Информбюро 31
Informburo kz
Facebook -
Instagram -
WhatApp -
TikTok -
Біздің сайт: www.31.kz және www.informburo.kz
#Информбюро #31арна #БастыЖаңалықтар #АқиқатынАйтайық