Ризық арттыратын дұға #ризык #дуга #ризк #ислам

Просмотров: 275   |   Загружено: 3 год.
icon
Murat Moldir
icon
6
icon
Скачать
iconПодробнее о видео
Алла Елшісі (с.ғ.с.) өзінің хадисінде: «Ешбір жан өзінің ризық-несібесін алмай бұл дүниеден қайтпайды. О, Алланың құлдары! Алладан қорқыңдар, дүниелік игілікті іздегенде орташа болыңдар», – дейді. Қазақ мұны «Бұйырған кетпейді, қуған жетпейді» дейді. Демек, Алла нәсіп етіп, бізге бұйырған нәрсе – біздікі.

Ризық – бұл Алла Тағаланың өзінің құлдарына беріп жатқан барлық жақсылығы. Бізге берілген барлық игіліктер біз үшін ризық болып есептеледі. Бұл материалдық та, рухани да игілік болуы мүмкін. Әрине, бұл игіліктердің арасында жер мен көктей айырмашылық бар. Ризықты тек Алла береді.

1. Жақсы ниет.

Мұсылманның әр ісі ниетіне қарай бастау алады. Берекелі ризыққа ие болғыңыз келсе, ең алдымене әр нәрсеге жақсы ниетте болыңыз және әр ісіңізді сондай ізгі ниетпен бастаңыз. Жасауға ниеттеніп, жасағалы отырған ісіңізден Алла Тағала разы болады ма, соған көз жеткізіңіз. Шынайы ниетпен жасалған әр амалымыз бізді Алланың разылығына қауыштыратынын ұмытпаңыз.

2. Тақуалық.

Құранда: «Егер ол өлкелердің елі иман келтіріп, сақсынса еді, әрине, оларға көк пен жердің берекеттерін ашып жіберер едік. Бірақ, олар жасынға шығарды. Сондықтан қылмыстары себепті оларды қолға алдық»,[1] – делінген.

Сонымен қатар, «Бақара» сүресінің 3-аятында: «Сондай олар көмеске иман келтіреді, намазды толық орындайды, өздеріне берген несібемізден (Алла жолында) пайдаландырады», – деген.

3. Аллаға тәуекел ету.

Алла Тағала Қасиетті Құранның «Тәлақ» сүресінің 3-аятында: «Оған Алла ойламаған жерден ризық береді. Ал, кім Аллаға тәуекел қылса, сонда Ол оған жетіп асады. Сөзсіз, Алла өз бұйрығын атқарады. Расында, Алла әр нәрсеге бір өлшеу қойған», – деген.

4. Құран оқу.

Құран – адамзат баласы үшін шипа, қорған, Алланың бізге берген мейірімі. Сонымен қатар, берекенің бастауы мен қайнар көзі. Қасиетті Құранның әр аяты, әр әрпін оқыған адамға еселеген сауаптар мен береке беріледі. Бұл туралы Құранда: «Бұл (Құран) – кенттердің анасы Меккеліктерді, маңындағы адамдарды үгіттеуің үшін біз саған түсірген өзінен бұрынғыны растаушы құтты бір Кітап. Сондай ақыретке сенгендер, бұған сенеді де, олар намаздарына сақтық істейді»,[2] – деп баяндалады.

Құран оқып, Алланың сансыз берекесіне кенелейік. Құраннан қол үзіп, алыстаған сайын, қасиетті Құран да бізден алыстап, берекеміз қашатыны хақ нәрсе.

5. Алланың атымен бастау.

Әр ісін бастамас бұрын «Бисмилләһ» сөзін айтқан адамның ісіне шайтан араласа алмайды. Алланың аты аталған жерде береке бар. Бисмилләһ – әр істің игі бастамасы. Әр ісіңізді Алланың атымен бастаңыз. «Бисмилләһтың» құндылықтары өте көп. Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) бір хадисінде: «Әрбір бисмилләһсыз басталған іс – шолақ»,[3] – деп, Алла атымен басталмаған іс көздеген мақсатқа сай жалғасын таппайтындығын ескерткен.

6. Тамақты бірлесіп жеу.

Исламда қонақ күту – Алланың разылығын алу болып есептеледі. Әр адам жеке бас ерекшелігі, ұлты, нәсіліне қарамастан, дүниенің қай бұрышында болса да, қонақ күтуге ерекше ілтипат білдіруі керек. Ислам діні пайда болғаннан кейін қонақ күту әдебі қоғамда одан әрі орныға түсті. Қонақ күту, оны қадірлеу жайлы Құран мен хадистерде де айтылған. Ал, қазір мұсылман халықтарының ішінде қонақты қадірлеу және оны күту сүннет болып табылады. Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) хадисінде: «Бір адам сізді көруге келген кезде, оған құрметпен қараңыз», – деген.

7. Дұға.

Дұғаға қатысты Ибраһим бин Адһамның (р.а.) мынадай өсиет қалдырған. Бірде Ибраһим бин Адһамнан (р.а.) адамдар: «Алла тағала: Дұға етіңдер, жауап берем, – деген. Расында, біз дұға етеміз. Алайда, дұғамыз қабыл етілмейді, – деп сұрақ қояды. Бұған ғұлама әрі тақуа Ибраһим бин Адһам (р.а.): «Сендердің жүректерің он түрлі амал салдарынан өлген. Ол амалдар: Расында, сендер Алланы таныдыңдар, бірақ Оның хақын өтемедіңдер. Сендер Алланың кітабын оқисыңдар, бірақ оған амал етпейсіңдер. Ібіліске дұшпанмын деп жар саласыңдар, бірақ онымен достық мәміле жасайсыңдар. Алла Елшісін (с.ғ.с.) жақсы көремін деп айғай саласыңдар, алайда оның амалдары мен сүннетін тәрк еттіңдер. Жәннатты жақсы көремін деп айтасыңдар, бірақ жәннат үшін әрекет етпейсіңдер. Тозақтан қорқамын дейсіңдер, бірақ, күнәдан тыйылмайсыңдар. Өлім хақ деп айтасыңдар, бірақ дайындық көрмейсіңдер. Өзгелердің айыбын ашумен әлексіңдер, өз айып-қателіктеріңді білмейсіңдер. Алланың ризық-несібесін жейсіңдер, бірақ шүкіршілік етпейсіңдер. Араларыңнан қайтқан кісіні жерлейсіңдер, бірақ одан ғибрат алмайсыңдар», – деп жауап берген екен.

Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) үнемі Алладан береке тілеп, дұға жасайтын болған. Тіпті, «Алла сенен разы болсын!» деген тілектің өзі берекенің бастауы болып табылады.

Лаура Альмаханова

Дереккөз: muslim.kz
Автор видео: Ruvim Miksanskiy
Сайт видео:
Чтец: Мишари Рашид

Похожие видео

Добавлено: 56 год.
Добавил:
  © 2019-2021
  Ризық арттыратын дұға #ризык #дуга #ризк #ислам - RusLar.Me