Мал өсіріп, пайда табам дегендерге жаңа мүмкіндік. Енді төрт түлік сатып алуға да, жем-шөп, дәрі-дәрмек алуға да небәрі 5 пайызбен несие беріледі. Бүгін үкімет отырысында ауыл шаруашылығына серпін беретін біраз оңтайлы шешім қабылданды. Бұл саланың өзіне биыл 160 миллиардтай теңге бөлінейін деп отыр.