
Палестиналық ХАМАС қозғалысы кейінгі 40 жылдағы ең ауыр қаржылық дағдарысты бастан кешіп жатыр. Washington Post мәліметінше, ұйым қызметкерлердің еңбекақысын төлеуді уақытша доғарды. Қаза тапқан жауынгерлердің отбасына берілетін жәрдемақылар да тоқтатылған. Қазір қозғалыс ерікті түрде жұмыс істеуге келіскен тұрғындарға арқа сүйеуге мәжбүр. Израиль әскерінің хабарлауынша, ХАМАС қозғалысы осыған дейін Газаға жеткізілген гуманитарлық көмекті заңсыз нарықта сатып, табыс көзіне айналдырған. Алайда бұл механизм наурыз айынан бері тоқтатылды.
#Жаңалықтар #Новости #24KZ #хабар24