«Біз қару-жараққа жеткілікті көлемде қол жеткізген бетте жаулап алынған жерлерімізді азат етуге көшеміз». Владимир Зеленский Киевтегі метро станциясында осылай деп мәлімдеді, деп хабарлайды «Хабар 24».
Украина Президенті қарсы соғыс ашқандар міндетті түрде сот алдында жауап беретініне сенімді екенін де айтты. Ол сондай-ақ егер Ресей Мариупольдегі украиналық сарбаздарды қырса немесе жаулап алған жерлерінде жаңа дербес республикалар құру туралы референдумдар өткізсе, келіссөзді тоқтататынын жеткізді.
Владимир Зеленский, Украина президенті:
– Біз олар жаулап алған жердің бәрін міндетті түрде қайтарамыз. Бұл 10-20 жыл немесе 2014 жылдан кейінгі сияқты 8 жылға созылмайды, бірден қайтарамыз. Мәселе қаруға байланысты. Қолымызға жеткілікті көлемде қару-жарақ алысымен жаулап алынған жерлерімізді дереу қайтаруға көшеміз.
Мәліметке қарағанда Украина күштері кейінгі бір күнде Донецк пен Луганск бағытындағы 12 шабуылға тойтарыс берген. Бұл туралы Украинаның оперативтік штабы хабарлады. Шайқас барысында Украина әскері Ресей күштерінің 4 танкі, 5 зеңбірегін және 15 бронды техникасын талқандап, бір СУ-25 ұшағын атып түсірген.
«Хабар 24» арнасына жазылыңыздар:
Біздің сайт -