Түркістан облысында дәрігерді қорқытқан ер адам кешірім сұрады, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Бұған дейін әлеуметтік желіде Мақтаарал ауданында белгісіз ер адам медицина қызметкерін қорқытып жатқан бейнежазба таралған болатын. Бұл жайт Мақтаарал АПБ-не "Қорқыту" бабы бойынша тіркеліп, сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне енгізілді. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Нәтижесінде ер адам жасаған ісіне өкінетінін айтып, енді мұндай жайт қайталанбайтынына уәде берген. Сондай-ақ ол медицина қызметкерлерінен және қазақстандықтардан кешірім сұрады.