«Жайсаңды жағымсыз иіс жайлайды». Алматы облысындағы Жайсаң ауылының тұрғындары елді мекен маңында кәріз қалдығы құйылатын тоғанның қазылуына қарсы шықты. Айтуларынша, онсыз да іргелес Ұзынағаш ауылындағы қалдық су жиылатын жерден қолқаны қабатын иіс шығады. Енді қасымызда тағы біреуі пайда болса, одан да сорақы болады, дейді жұрт. Ондағы зиянды заттар жер астындағы ауызсуға қосылып, төрт-түлік пен өзіміз де түрлі дертке шалдығамыз деп қорқады. Ал әкімдік бар жұмыстың құрылыс талабына сай екенін айтып, халықты дүрлікпеуге шақырды.
#жаңалықтар #кәріз #Алматыоблысы
▶▶▶ Арнаға жазылыңыз:
▶▶▶ YouTube арнасы Проекты КТК:
КТК әлеуметтік желілерде:
Facebook ►
Instagram ►
Вконтакте ►
Twitter ►
YouTube КТК жаңалықтарының ресми арнасы
Жаңалықтардың толық нұсқасын сайттан қараңыз