Шын төбелесетін ГОЛЛИВУД актерлары 2ші бөлім | Скотт Эдкинс МАйкл Джэй Уайт Джэт Ли Донни Иен

Просмотров: 6, 112   |   Загружено: 1 год.
icon
КИНО ТУРАЛЫ
icon
221
icon
Скачать
iconПодробнее о видео
Тарих бойынша кино экранға көптеген төбелесетін актерлар шықты.Осыған орай кинодағы шын төбелесетін актерлар туралы,екінші шығарылым
жасадық.Бүгінгі шығарылымда көптеген қызықты ақпараттар айтылады.Сол себепті бейнемізді аяғына дейін көрейік...

Джэт Ли.Екінші Брюс Ли деп қояды екен.Әлемге Джэт Ли деген есіммен таныс болған актер.Шын есімі Лилян Дзе.Төбелес стильдерін бала кезінен
бастап үйрене бастайды.Көптеген актерлар сияқты,бұл да кедей отбасында өмір сүрді.Әкесі ерте өмірден озған соң,Джэт Ли жап жақсы бала болып
өседі.Мектепте жақсы тәрбиелі бала болды.Тіпті дене шынықтыру пәніне мұғаліміне көмектескен екен.8 жасында Джэт Ли спорт секциясына барады.
Джэт Ли Ушу бағытын таңдайды.Жақсы нәтиже көрсеткендіктен,ұстазы Джэт Лиге сабақты жалғастыр деп кеңес айтады.Міне осылайша Джэт Ли
күнделікті жаттығуға барып жүреді.Артынан жарыста жеңіп шыққанда,оны сабақтан мүлдем босатады.Осылайша еңбектің арқасында Джэт Ли көп
турнирлерге қатысып,тіпті АҚШ құрамасы ұйымдастырған жарысқа да қатысады.Біраз уақыттар бойы АҚШ елінде болып,Джэт Лидің америкалық
адамдарға көзқарасы өзгереді.Себебі,Джэт Лидің өнерін керемет бағалайды.Артынан Джэт Лы Қытай еліне қайтып келіп,оқуын жалғастырады.Міне
осындай бір жаттығуларда,актерды кино индустрия адамдары байқап қалады.Сосын оған,киноға түсесің бе деп ұсыныс тастайды.Осылайша бірінші
шыққан "Храм Шаолинь" деген киносы бірден актерды танымал етті.Осыдан кейін киноның жалғасы болды.Актерға осыдан бастап Джэт деген есім
береді.Халықтың атап кеткен есімі екен.Актер тағы да бірнеше фильмдерге түседі.Ал "Кулак легенды" деген киносы шынымен актерды әлемге танытып,
екінші Брюс Ли деген есімге лайық етті.Кинодағы сюжетттер,тура "Кулак ярости" киносына ұқсайтын еді.90 жылдары Джэт Ли "Смертельное оружие
4" киносында жаман кейіпкерді ойнайды.Актердың голливудта да атағы шыға бастайды.Актер тағы да бірнеше танымал киноларға қатысады.Оның
ішінде "Запретное царство" деген киносында,актер Джеки Чанмен бірге төбелеседі.2010 жылы актер "Неудержимые " киносында пайда болады.Лиге
тіпті "Матрица" киносын ойна деп ұсыныс тастайды.Бірақ Джэт Ли бас тартады.Себебі әйелінің аяғы ауыр болыпты.Джэт Лидің екі қызы бар екен.
Оның алдында Джэт Ли басқа бір әйелге үйленіп еді.Ол некеде де екі қызы бар.Бір уақытта Джэт Ли өлді деген өтірік ақпарат шығады.Бірақ Джэт Ли,
бұның бәрі жалған ақпарат екенін айтып береді.Ол кезде цунами болып,жәй ғана адамдарға көмектесіп жүріпті.Артынан актер қайырымдылық қорын
ашып,сонымен айналысып кетеді.Қазір актерға 61 жас екен.Актердың тағы да керемет киноларын күтеміз.Басқа не айтамыз.

Әссәләму әлейкум достар! Кино туралы каналымызға қош келдіңіз! Біздің каналда әлемдегі жұлдыздардың өмір баяны.Сонымен қатар,фильмдерге шолу және ол фильмдер жайлы қызық жайттар айтылады. Досым,каналымызға тіркеліп қойыңызшы.Сіздің әрбір қолдауыңыз біз үшін маңызды. Әр бейнеге лайк басып досыңмен бөлісуді ұмытпа!

#КиноТуралы #ҚызықтыДеректер #Ақпараттар

Похожие видео

Добавлено: 56 год.
Добавил:
  © 2019-2021
  Шын төбелесетін ГОЛЛИВУД актерлары 2ші бөлім | Скотт Эдкинс МАйкл Джэй Уайт Джэт Ли Донни Иен - RusLar.Me