«AMANAT» оралдық оқу орындарына мониторинг жүргізді

Просмотров: 40   |   Загружено: 2 дн
icon
Телеканал Астана / Astana TV
icon
0
icon
Скачать
iconПодробнее о видео
Оралдағы ақпараттық технологиялық колледж атына заты сай емес. Заманауи технологияларды жас буынға меңгертуі тиіс оқу орны көптен бері жібі түзу жөндеу көрмеген. Осының кесірінен есік-терезесінен жел гулеп, шәкірттерге қолайсыздық туғызып отыр. Оралдағы оқу орындарының жағдайын тексерген «AMANAT» партиясының мониторинг тобы осындай кемшіліктерді анықтады. Партиялық бақылау комиссиясы, үкіметтік емес ұйымдар, мәслихат депутаттары және «Жастар Рухы» Жастар Қанатының өкілдерінен осындай 17 тексеру тобы жасақталған. Олар студенттер мен оқушылардың қауіпсіздігі сақталуын, ғимараттың талапқа сай болуы тексереді. Жалпы өңірдегі оқу орындары осыдан екі жыл бұрын да тексерілген. Сол кезде электр желісіндегі ақау, дәретханалардың кемшілігі, бейнебақылау жүйесінің жоқтығы, люктердің ашық-шашық жатқаны анықталған. Осыдан кейін бұл олқылықтардың 90% түзеліпті.

Похожие видео

Добавлено: 55 год.
Добавил:
  © 2019-2021
  «AMANAT» оралдық оқу орындарына мониторинг жүргізді - RusLar.Me