Серік Ақсұңқар — «Қасқырдың монологы»

Просмотров: 76   |   Загружено: 6 мес.
icon
Khabar RETRO
icon
3
icon
Скачать
iconПодробнее о видео
Жек көрем итті!
Алысып жүрем,
Шабысып жүрем!
Қағынып...
Сайын даланың тағысымын – мен,
Не деген ғажап – тағылық!
Шауып түсемін!
Күш ағысымды, сыйғыза алмай ішіме.
Адамның алмас пышағы сынды
Ырзамын азу тісіме!
Қасқыр – бабалар!
Бар ұлыстардың
Мазасын алып манадан –
Иттермен болған қанды ұрыстардың
Иісін сезем даладан.
Қаңқу сөз жүрек кегін үрлейді
Қорлық – қарғысқа барабар.
Бізбенен иттің тегі бір дейді...
Рас па қасқыр – бабалар?!
Өлексе үшін жұлысқан болсақ
Өмірі бітпей кегіміз,
Иттермен бірге туысқан болсақ
Не болды – ата тегіміз?!
Ала төбеттің астында қалар
Күн туғаны ма ақыры...
Неге үндемейсіңдер, қасқыр – бабалар,
Қағынып кеткен жатыры?!
Неге үндемейсіңдер?
Ұрлық түн еді:
Жатқаным мынау – жау іші.
Аспанның астын дүрліктіреді
Үрген иттердің дауысы.
#қараөлең #серікақсұңқар #қасқырдыңмонологы #қазақшаөлең

Похожие видео

Добавлено: 56 год.
Добавил:
  © 2019-2021
  Серік Ақсұңқар — «Қасқырдың монологы» - RusLar.Me