Абай облысында «Ауыл аманаты» жобасы аясында өз ісін бастаған тұрғындар 2 миллиард теңге қаржылай қолдауға ие болды, деп хабарлайды 24KZ. Осылайша, кәсіп иелерінің ықпалымен ауыл-аймақта 300-ге жуық жұмыс орны ашылды. Мысалы, Жезкент ауылындағы шағын цех айына 30 тонна сүт қабылдайды. Кәсіпорын бүтін бір ауданмен қоса Семей, Өскемен қалаларын сүт өнімдерімен қамтып отыр.
#сүт #субсидия #абайоблысы #Жаңалықтар #24KZ #хабар24