
Наурыздың 17-сі мен 23-ші аралығында Алматыда үстел теннисінен Қазақстан чемпионаты өтеді. Жарысқа қатысушылар командалық, жеке, жұптық және аралас жұптық бәсекеде медальдар жиынтығын сарапқа салады. Ел біріншілігіне кілең мықтылар жиналады. Олардың қатарында олимпиада ойындарына қатысушы Кирилл Герасименко, әлем чемпионы Алан Құрманғалиев, көптеген халықаралық жарыстың жүлдегері Айдос Кенжеғұлов пен Ырысбек Артықметов сында спортшылар бар. Бұрымды спортшылар арасынан халықаралық дәрежедегі спорт шебері Сарвиноз Миркадирова, Зәуреш Ақашева мен Анель Бақыт бас жүлдеге таласады. Айта кетейік, Қазақстан чемпионаты барысында ерекше көзге түскен теннисшілер ұлттық құрама сапына іріктеліп алынады.
Біздің арнаға жазылыңыздар!
Наши социальные сети:
Telegram Qaz - t.me/atamekenbusiness_qaz
Telegram Rus - t.me/atamekenbusiness
Telegram Sport - t.me/atamekenbusiness_sport
Telegram Auto - t.me/atamekenbusiness_auto
Telegram Silk Way - t.me/atamekenbusiness_silkway
Instagram -
Instagram -
Facebook -
Facebook -
Tik-Tok -
«Atameken Business» online:
Cайт -
#AtamekenBusiness #Inbusinesskz #НовостиКазахстана #қазақстанжаңалықтары #atamekenbusiness #новости #Үстелтеннисі