
---------------------------------------------
Ақтаудағы ұшақ апаты -
Бишімбаев ісі -
Су тасқыны бойынша барлық ақпарат -
Жұмбақ өлімдер -
Бүгінгі шығарылымда:
Студенттер үйінің қасбеті таңғы алтылар шамасында қақырап, кірпіштері үгітіліп түскен. Жатақхана Халел Досмұхамедов атындағы Атырау университетіне тиесілі. Жоғары оқу орнының мәліметінше, әбден тозығы жеткен ғимарат екі жыл бұрын апатты деп танылып, студенттер басқа жерге көшірілген екен. Іргетасы жарты ғасыр бұрын қаланған жатақхананың сырты да, іші де адам шошырлық күйде. Алдағы уақытта ескі нысан толығымен бұзылады деп жоспарланған.
ЖӘНІБЕК ҒАЛЫМ, Х.Досмұхамедов атындағы атырау университетінің баспасөз хатшысы:
- Бұл негізі сүріліп кетіп, орнына жаңа жатақхана салынуы тиіс. Соның сараптамалық құжаттарының бәрі дайындалып, әкімшілікке тапсырылған. Ендігі шешімді сүріліп тазалау, бұл жерді құлату жұмыстарымен сол кісілер айналысады. Университет тек барлық жобаларын, ұсыныстарын берген.
---------------------------------------------
Біз барлық әлеуметтік желідеміз, тіркеліңіз:
Бізді әлеуметтік желіде оқыңыздар:
Информбюро 31
Informburo kz
Facebook -
Instagram -
WhatApp -
TikTok -
Біздің сайт: www.31.kz және www.informburo.kz
#Информбюро #31арна #БастыЖаңалықтар #АқиқатынАйтайық