
«One School - One Skill» жобасына Әбіш Кекілбайұлы атындағы №72 жалпы білім беретін ІТ мектеп-лицейінің 10-11 сынып оқушылары қатысып жатыр. 20-ға жуық оқушы қысқа мерзімді курсты аяқтап, заманауи ІТ-технологиясын меңгерді. Ерекшелігі - қатысушылар AR технологиясымен танысып, Unity 3D платформасында өздерінің алғашқы жобаларын жасап үйренген. Жобаға қатысқан оқушылардың 10-ға жуығы арнайы пән жетекшісімен дайындалған. Олар Unity 3D платформасында AR/VR қосымшаларының көмегімен виртуалды шындық жасап шыққан. Яғни, виртуалды көзілдірікті кисеңіз болды басқа әлемге еніп кеткендей боласыз. Бұл заманауи әрі сұранысқа ие бағыт, дейді пән оқытушысы.
Курс соңында қатысушыларға «Unity 3D платформасында AR қосымшасын әзірлеу» құзіреттілігінің сертификаттары табысталды. Бұл - оқушылардың ІТ саласына деген қызығушылығын арттырып, келешекте сұранысқа ие мамандықтарды игеруіне жол ашатын маңызды бастама.
Сайт телеканала
Twitter
Вконтакте
Telegram