Соңғы екі жылда «Қазпошта» бюджетке 45 миллиард теңге көлемінде салық және баж алымдарын төлеген. Бұл туралы басқарма төрағасы Әсел Жанасова Мемлекет басшысының қабылдауында айтты. Бүгінде компания әлемнің ең үздік 50 пошта операторының қатарына кіреді. Тасымал көлемі 26 пайызға өскен. Әсел Жанасова Президентке қызмет сапасын жақсарту мақсатында жасалып жатқан жұмыстар жайында баяндады. Қасым-Жомарт Тоқаев компанияның қаржылық жағдайын жақсарту, цифрлық шешімдер енгізуді одан әрі дамытуды тапсырды.