Бұдан былай қос-қостан үйі мен көлігі бар, табысы асып-тасып жатқан көпбалалы отбасылар әлеуметтік жардемақы алмауы мүмкін. Үкімет басшысы Олжас Бектенов кеше осылай деді. Яғни, баласы көп болса да, тек шын мұқтаждарға беріледі. Бұл адамдарды алалау емес пе деген ел-жұрт бірден қызу талқыға кірісті.