Джо Байден Ресейдің Украинаға басып кіру жоспарын құрғанына сенімді және шабуыл жасайтыны расталды деп мәлімдеді. Бұған негіз болып отырған АҚШ барлау қызметінің дерегі. Осы орайда АҚШ президенті Украинаға қолдау көрсетіп, қару-жарақ жеткізетінін жасырмады. Бірақ өз әскерін жібермейтінін айтты. Егер Ресей Украинаға басып кірсе, АҚШ пен оның одақтастары қатаң санкция саламыз деп сес көрсетті. Ал Мәскеу осыған дейін бұл ақпаратты бірнеше рет жоққа шығарып, Батыс елдерін ахуалды әдейі ушықтырып отыр деп айыптады.
#ӘлемБағдарламасы #ДжоБайден #РесейУкраина #АҚШ
«Хабар 24» арнасына жазылыңыздар:
Біздің сайт -