
Сен мені сағынып жүр деп естідім
Естідім де көңілім болмады еш бүгін
Кінәлаған кінәм болса кеш күнім
Бәрін кеш күнім жалғыз ақ тілерім бір
Сүйем деген күйем деген сөзіңе де өзіңе де сенбедім
Мен бірақ жанымды үмітпен емдедім
Тек сендей ешкімді де жақсы көрмедім
Түсін сен мені қимайды жүрегім бұл!
Көздерің көз алдымда әлі
Сені ұмыту айтшы мүмкін бе?
Екеумізде кінәнің бәрі
Сағыныш болдың сен маған бұл күнде
Бір сағынышым бар,саған айтар сырым бар
Білші сөзімнен,көзімде жалғыз мұңым бар
Сезім өрті енді өшпейді білем
Көзімді ілмей әр түні сені ойлап күтем.