Атыраулық емшінің әрекеті елдің жағасын ұстатты. Әлеуметтік желіге жарияланған видеода ер адамның қолы байлауы кішкене қыздың тамағын қылғындыра ұстап, жауап алып жатыр. Мағынасына үңілген адам бүлдіршінмен емес, жынмен сөйлесіп жатқандай әрекетті ұғады. Оқиға қайда, қашан болған? Кәмелетке толмаған балаға жасалған рәсім қаншалықты заңды? Бұрын облыстық мешітте күзетші боп жұмыс істеген емшінің өзі не дейді?