
Сырдария ауданында бірқатар инфрақұрылымдық жобалар іске асырылып жатыр. Оның ішінде жол желісін жаңарту — Тереңөзек кентінің дамуына үлкен серпін беруде. Мәселен, қазіргі таңда аудан орталығында 9 көшеге жаяу жүргіншілер жолы төселіп жатыр.
Аймақ басшысының тапсырмасына сәйкес, білім беру ұйымдары мен әлеуметтік нысандар орналасқан 9 көшенің бойына жаяу жүргіншілер жолы салынуда. Тереңөзекте былтыр 6 көшеге асфальт төселсе, биыл тағы 3 көше қайта жаңғыртылуда. Сонымен бірге қосымша 7 көшеге жоба дайындалып, мемлекеттік сатып алу жұмыстары басталды. Ал, жаңартылған және кеңейтілген жолдар көлік ағынын жеңілдетіп, жол-көлік оқиғаларының санын азайтуға мүмкіндік береді.
ЕРЖАН БАҚТИЯРОВ - ТЕРЕҢӨЗЕК КЕНТІНІҢ ӘКІМІ //Тереңөзек кентінде әлеуметтік нысандар және білім беру ұйымдары орналасқан көшелерге жаяу жүргіншілер жолдарын орналастыруға жоба сметалық құжаттамалар әзірленді. Осы жобаларды іске асыру мақсатында аудандық бюджеттен 2024 жылы 6 көшеге қаражат бөлінді, осы жобаны жалғастыру мақсатында 25 жылға 3 көшеге жаяу жүргіншілер жолдары салыну жұмыстары жүріп жатыр. Сонымен қатар, қосымша 7 көшеге жоба сметалық құжат әзірленіп, осы жобаны бастауға аудандық бюджеттен қаражат бөлініп, мемлекеттік сатып алу жұмыстары жүріп жатыр. Атап өту керек осы жобалардың барлығы демеушілік есебінен әзірленген.
Тілші: Сонымен қатар, ауданда экологиялық бағыттағы бастамалар тұрақты түрде жүзеге асырылып келеді. «Таза Қазақстан» акциясы аясында 5,5 мың тонна қоқыс шығарылып, 17 мыңнан астам ағаш отырғызылды. Сондай-ақ, 70 шақырымнан астам арық пен каналдар тазартылды.
ҚОЖАМҰРАТ СМАТҰЛЫ - КЕНТ ТҰРҒЫНЫ // Таза Қазақстан акциясының аясында біздің Сырдария ауданында тазалыққа өте күшті мән беріліп жатыр. Тұрғындардың бәрі риза тазалыққа үлкен мән беріліп осылай жалғаса берсін дейміз. Осыған ризамыз.
Жастар да бұл жұмыстардан шет қалмапты. Биыл «Жасыл ел» еңбек жасағына 110 жас жұмысқа тартылды. Олар көгалдандырумен қатар қайырымдылық шараларына да үлес қосты.
АЙЫМЖАН КЕРЕЙІТБАЕВА - ЕРІКТІ ЖАС // Қазіргі кезде елімізде өтіп жатқан Таза Қазақстан атыт экологиялық акциясына өз үлесімді қосып жатқаныма өте қатты қуаныштымын. Бұл тек қана сенбілік емес, бұл бізде табиғатты аялауға арналған үлкен бір қадам болып табылады және де осы орайда әрқайсысымыз аз-аздан, бірақ үздіксіз айналамызды таза ұстаудан бастасақ , елімізде көркейеді деген ойдамыз.
Қауіпсіз жол, таза орта - Сырдария ауданындағы оң өзгерістердің айқын көрсеткіші. Әрі жолдардың сапасын арттыру арқылы тұрғындардың тұрмыс сапасын және ауданның инвестициялық әлеуетін дамытуға жол ашылмақ.
Сайт -
Facebook -
Instagram -
Telegram -
Tiktok -