
Президенттік жастар кадр резервіне іріктеу басталады. Жоба жастарға мемлекетті басқару ісіне араласуға жол ашады. Осымен төртінші мәрте өткелі отырған іріктеуге тіркелу 1 маусымнан бастап қожетімді. Оған жасы 35-тен аспаған, жоғары білімі мен 5 жыл жалпы жұмыс өтілі бар, мемлекеттік тілді В1 деңгейінен төмен емес меңгерген Қазақстан азаматтары қатысады. Кандидаттар 6 кезең бойынша маусым-қазан айларында бағын сынайды. Резервке үздік 50 адам іріктелмек.