Жүргізуші: Ерланби Даулетияр (Instagram: @yerlanbi_dauletyar)
БИІКТЕН СЕКІРГЕН
Алматыда элиталы тұрғын үй кешенінің соңғы қабатынан 26 жастағы қыз секіріп өлді. Суицид жасауына онкологиялық ауруға душар болуы себеп деген болжам айтылуда.
ТҮГЕЛ КӨШІРІЛДІ
Бір подъезд емес, бүкіл үйдің тұрғындары көшірілді. Теміртауда газ жарылған үйдегі 80 пәтердің барлығы босатылып, апат болған аумақ қоршауға алынған.
САҒАТТАРЫН АЗАЙТПАҚШЫ
Дене шынықтыру пәнінің мұғалімдері даурығып қалды. Қыздар мен ұлдарға сабақ енді бірге өтсе, сағат қысқарады деп қорыққан мұғалімдер бұған үзілді-кесілді қарсы.
БАРЛЫҒЫ ҚАРЖЫҒА ТІРЕЛЕДІ
Ақтөбеде үш жыл бұрын тұрғындарға пәтерлерінің кілті табысталуы тиіс үйдің құрылысы тоқтап тұр. Мердігер қымбаттаған құрылыс материалдарына қаражаты жетпеген соң подъездерді құлыптап кете барған.
#ктк #жаңалықтар #кткжаңалықтары