
#нан #рецепты #лепешка #узбекскиелепешки
Каналым пайлалы, тіркеліп алыңыз✅
Мини лепешка
Осы рецептпен 20 шт. шығады
Жылы су- 300 гр.
Ашытқы - 7 гр.
Қант- 2 ас қасық
Жылы сүт- 600 гр.
Ұн- 1 кг. 400гр-450 гр. ( ұнның тығыздығына қарай саласыз)
Тұз - 1 ас қ. қатты толтырмай
Сұйық май - 40 гр.
Жақсылап илеп, көтерілгенше 1 сағатқа жылы жерге қалдырамыз. 120 граммнан бөліп, күлшелеп, формаға орналастырамыз. Бетін жауып, тағы да 20 минутқа көтерілгенше қалдырамыз. Лепешканың формасын шығарып, ортасын шанышқымен басамыз. Жұмыртқаның сарысына 1 ч.л. сүт қосып араластырып, нанның бетіне жағамыз. Қалауыңызша күнжіт, мак сепсеңіз болады. 180-200 градуста қызған пеште нанымызды 20-25 минуттай пісіріп аламыз. Пештен шығарған бойы бетін мата орамалмен жауып қойсаңыз наныңыз одан бетер жұп-жұмсақ бола түседі. Ас болсын, жасап көріңіздер❤️