Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан өңіріне іс-сапармен келді

Просмотров: 324   |   Загружено: 2 дн
icon
Информбюро 31
icon
8
icon
Скачать
iconПодробнее о видео
БІЗДІҢ YOUTUBE АРНАҒА ТІРКЕЛІҢІЗ:
---------------------------------------------
Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан өңіріне іс-сапармен келді. Президенттің жоспарлы жұмысы Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне зиярат етуден басталып отыр. Әрі мемлекет басшысы түркі халықтарының ортақ мұрасына айналған тарихи ескерткіш кешеніндегі ғылыми-зерттеу жұмыстарымен де танысқан. Бұдан кейін, Қасым-Жомарт Тоқаев таяуда ғана Кентаудан Түркістанға көшірілген лицей-интернаттың оқушылармен әңгімелесті. Президент ел болашағы жастардың қолында екенін еске салып, оқуда озат болуларына тілектестік етті. Сондай-ақ, мемлекет басшысы заманауи үлгідегі Мұз сарайына барды. Мұнда шорт-трек, мәнерлеп сырғанау және хоккей сияқты қысқы спорт түрлерімен жыл бойы айналысуға қажетті жағдай жасалған. Сонымен қатар, Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан халқымен кездесіп, киелі өлкедегі өзгерістерге оң бағасын берді.
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ, Қазақстан Республикасының Президенті:
- Бәріміз бірігіп, ел үшін еңбек ету үшін жұмыс істеуіміз керек. Сырттан келе жатқан тәуекелдер аз емес. Ахуалды жақсы білесіздер. Ең алдымен біздің халқымыз жақсы, көпұлтты халық, сондықтан бәрі дұрыс болады. Енді қарасам Түркістанның келбеті керемет. Абаттандырылды.
----------------------------------------------
Теңдессіз жобамызға көз салыңыз:
Бишімбаев ісі -
Су тасқыны бойынша барлық ақпарат -
Жұмбақ өлімдер -
Біз барлық әлеуметтік желідеміз, тіркеліңіз:
Информбюро 31
Informburo kz
Facebook -
Instagram -
WhatApp -
TikTok -
Біздің сайт: www.31.kz және www.informburo.kz

#Информбюро #31арна #БастыЖаңалықтар #АқиқатынАйтайық

Похожие видео

Добавлено: 55 год.
Добавил:
  © 2019-2021
  Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан өңіріне іс-сапармен келді - RusLar.Me