Ерекше нәтиженің ерекше батырлары

Просмотров: 37   |   Загружено: 3 год.
icon
Благотворительный Фонд Жұлдызай
icon
4
icon
Скачать
iconПодробнее о видео
Алматы қаласында керемет қуаныштардың куәгері болдық: 3 балақайдың тұсауы кесіліп, алғашқы қадамдарын жасаса, 4 балақай алғашқы сөздерін айтып, барлығымызды ерекше қуанышқа бөледі.
Алғашқы қадамын жасаған балалардың ішінде Асылым да болды. Ол «Жұлдызай» оңалту орталығына 2021 жылдың қараша айынан келеді.
- Қызыма ДЦП диагнозы қойылған. Осымен 4 курс оңалту алып бітіріп жатырмыз. Жағдайы бұрынғыға қарағанда өте жақсы. Алғашында нұсқаулықты орындау, түсінбеушіліr, аяғын басқан кезде кішкене кедергілер болған. Қазір, Құдайға шүкір, бірінші Аллаға, содан кейін «Жұлдызай» оңалту орталығының қызметкерлеріне алғыс айтамын. Қазір қызымның денсаулығы әлдеқайда жақсы, жүріп бастады, нұсқаулықтарды түсінуі жақсарды. Бірінші рет өздігінен алғашқы қадам жасауы үйде болды. Қыз бала болғандықтан, кішкене қорқыныш, жылау болды. Кейіннен орталықта қадам басып кеткеннен кейін қатты қуанып жыладық, - деп бөлісуде Мөлдір Айдарқызы, Асылымның анасы, - Бізде туылғаннан кейін 1 тәуліктен кейін миына қан құйылды. Неше түрлі диагноз қойылды. Қазір ол кездерді еске түсіргім де келмейді.
Анасы болашақта Асылым дәрігер болса екен деп армандайды. Себебі өзі өмірде көп қиыншылық көргендіктен, басқа балаларға көмек бере алатын жағдайға жетсе екен дейді.
- «Жұлдызай» орталығының әрбір мүмкіндігі шектеулі балалары бар отбасыларға керемет деп айта аламын. Себебі әр балаға қызметкерлер мұқият қарайды, өзімнің қызымнан-ақ көріп отырмын нәтижелерді. Және ата-аналарға да айтатыным: балаларыңыз үшін сіз де мықты болу керексіз. Ешқашан емді тоқтатпай, алға жүру керек.

Похожие видео

Добавлено: 56 год.
Добавил:
  © 2019-2021
  Ерекше нәтиженің ерекше батырлары - RusLar.Me