Шұғыл көмек бір арнаға бірікті. Енді елімізде жедел жәрдем және медициналық авиация жұмысын бір ұйым реттеп отырады. Елордада осы істі атқаратын орталық жұмыс істейді. Көпбейінді аурахана Қазақстанның жер-жеріндегі жағдайы ауыр жандарға да көмек көрсетеді.