
---------------------------------------------
Елімізде бензинді жеткізбей құйып, қулыққа баратын жанармай бекеттері бар. Сондықтан көлік иелері үнемі мұқият болу керек. Ал отын толық толтырылмаған жағдайда "Е-өтініш" порталы арқылы кәсіпкердің үстінен шағым түсіруге құқылысыз. Сонымен, бекеттерде жанармайды толтырмай құйса не істеу керек? Оны қалай тексеруге болады? Әріптесім Руслан Жасқұланұлы білген еді.
РУСЛАН ЖАСҰЛАНҰЛЫ, ТІЛШІ:
- Мен 10 литр бензиннің ақшасын төледім. Көлігіме АИ-92 маркалы отын толық құйылды. Бірақ бекеттегі колонканың көрсеткен мәліметі мен машинаңызға құйылған жанармай сәйкес келмеуі де мүмкін. Ол үшін канистрді алып, бензин құйдырып тексертуге болады. Сонда мына құрылғының қаншалықты дұрыс істеп тұрғанын анықтай аласыз.
Петропавлдықтар да жанармай бекеттері соңғы кезде жиі алдайтынын растайды. Бірақ көбі уақыт жоғалтпас үшін заңсыздыққа көз жұма қарайды екен.
- Мен сондай жағдайға кезіктім. Бірақ 100-200 теңгеге бола шу шығарғым келмеді.
- Вообще естігенмін. Қаланың шетіндегі заправкада кем құяды деп. То есть көп құяды. Бірақ на самом деле ұстап қалады.
- Ну я думаю что ни тонну же не дольют. Поидеи сколько там. Ну 100 тенге. И никто из-за этого не будет обращать внимание.
Техникалық реттеу және метрология комитетіне осындай келеңсіз жайтқа тап болған өзге өңірдің жүргізушілерінен шағым көп түсе бастаған екен. Ал мамандар станциялардың амалын тауып, 1-2 литрді үнемдеп қалуы заңсыздық деп отыр. Оған қоса, қаптаған бекеттердің кейбірінде отын тарататын колонкалар талапқа сай емес. Сондықтан жүргізушілерді бұған бей-жай қарамауға кеңес береді.
АСҚАРБЕК БАЗАРБАЕВ, ҚР техникалық реттеу және метрология комитеті департаментінің бас маманы:
- Егер бензиннің дұрыс құйылмауы жөнінде фактілер анықталса бізде "өлшем бірлікті қамтамасыз ету туралы" заңның 19 бабы бұзылған болып есептелінеді. Әкімшілік хаттама толтырады. Жалпы бұл бензиннің дұрыс құйылмауы неден болады. Себебі бізде отын тарату колонкалары салыстырып тексеруден міндетті түрде өтуі керек. Егер салыстырып тексеруден өтпеген жағдайда осындай қателіктер жиі орын алады.
Сарапшылар алаяқтық жасалғанын дәлелдесеңіз жанармай құю бекетінің басшысынан өтемақы талап етуге де болады деп отыр.
----------------------------------------
Ақтаудағы ұшақ апаты -
Бишімбаев ісі -
Су тасқыны бойынша барлық ақпарат -
Жұмбақ өлімдер -
Біз барлық әлеуметтік желідеміз, тіркеліңіз:
Информбюро 31
Informburo kz
Facebook -
Instagram -
WhatApp -
TikTok -
Біздің сайт: www.31.kz және www.informburo.kz
#Информбюро #31арна #БастыЖаңалықтар #АқиқатынАйтайық