Этиканы үйрену керек! Ауыл әкімдері партаға отырып, сабақ оқып жатыр

Просмотров: 676   |   Загружено: 6 дн
icon
Информбюро 31
icon
13
icon
Скачать
iconПодробнее о видео
БІЗДІҢ YOUTUBE АРНАҒА ТІРКЕЛІҢІЗ:
---------------------------------------------
Ақтаудағы ұшақ апаты -
Бишімбаев ісі -
Су тасқыны бойынша барлық ақпарат -
Жұмбақ өлімдер -

Бүгінгі шығарылымда:
Елімізде ауыл әкімдері партаға отырып, сабақ оқып жатыр. Олар ауылды дамытумен қатар, мемлекеттік қызметкердің әдебі мен имиджі, адамдармен араласу бойынша дәрістер алады. Президент жанындағы мемлекеттік басқару академиясының мамандары оқу бағдарламасы әдеп жөніндегі кеңесте қаралған мәселелерді саралау барысында түзілгенін айтады. Әкімдердің сабағына өңірдегі әріптесім Меруерт Сабыртай да қатысып келді.
МЕРУЕРТ САБЫРТАЙ, тілші:
- Кешелі бері әкімдер жылы креслоларын партаға ауыстырды. Олар қолдарына қағаз-қалам алып, қарапайым қызметтік этиканы оқып жатыр. Себебі, тұрғындар тарапынан елдімекен басшыларына шағым көбейген. Яғни, алдына барған қарапайым халықпен дөрекі сөйлесіп, есігін тарс жабатын шенеуніктер әлі де бар.
Сабақ таңғы тоғыздан кешкі алтыға дейін болады. Оқу үш айға жалғаспақ. Жетісу облысында қазір бас-аяғы 112 әкім біліктіліктерін арттыруда.
БАҚЫТ ЗЛОБИН, ҚР Президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясы жетісу облысы бойынша филиалының директоры:
- Көбінесе әлеуметтік желілерде, телеарналардан көріп отырмыз әкімдер кейде өз-өзін ұстай алмайды. Сөйлей алмайды. Интервью берген кезде сасқалақтап, қиындықтар туғызады. Екінші жағынан әдеп жөніндегі кеңес жұмыс жасайды. Сол негізінде әдеп кеңесінде қандай мәселелер талқыланды соны біз зерттеп барлық бағдарламаны әзірлеген болатынбыз.
Дәрісте ауылды дамыту, бюджетті тиімді пайдалану, мемлекеттік сатып алу және коммуникация орнату сияқты түрлі бағдарламалар қамтылған. Ал әкімдер білім алып, үйренуден жалықпаймыз деп ағынан жарылды. Көбіне бұл курс ұнап жатқан сыңайлы.
ЕРЖАН ШАКЕРҰЛЫ, Көлбай ауылдық округінің әкімі:
- Коммуникация менің жұмысымда ақсап жатқан жоқ. Басқасы қалай айтады білмеймін. Мен әр жерде коммуникация жасай аламын. Кез келген адаммен де, жоғары тұрған басшылармен де.
ГҮЛНАР АМАНДОСОВА, Қарашыған ауылдық округінің әкімі:
- Мемлекеттік қызметшінің әдебі тақырыбын өттік. Сол жерде ең бірінші қарым-қатынасқа түсу барысында тыңдай білу керек екендігін өзіме түртіп алдым. Адам келіп, мұқтажын айтып келген уақытта жетік тыңдау керек екендігін.
Мемлекеттік қызметкерлерге президенттің де қойып отырған талабы осы. Әкім-қаралар ең алдымен қарапайым халықты тыңдап, адамша тілдесуді үйренуі керек. Қысқасы, қалыптасып қалған бастықтың образынан шығып, шебер менеджер болуы тиіс. Сондықтан біліктілік арттыру курсында түрлі саланың майталмандарымен кездесу де қарастырылған.
НАЗИГҮЛ ҒАЗИЗОВА, дәріс оқушы:
- Тиімді коммуникацияны жүргізу үшін оның әдіс-тәсілдері міндетті түрде айтылады. Соның бірі келісімшарттарға отыру, тағы бір түрі сұқбаттар беру. БАҚ-на сұқбаттар беруде қалай беру, қандай жағында айту, қандай мәселені көтеру міндетті түрде айтылады.
Айта кетейік, елімізде 2021 жылдан бастап әкімдерді халық өзі сайлайды. Жаңа жүйе бойынша ел басқаратын азаматардың дені бұрын мемлекеттік қызметте істемеген екен.

---------------------------------------------
Біз барлық әлеуметтік желідеміз, тіркеліңіз:
Бізді әлеуметтік желіде оқыңыздар:
Информбюро 31
Informburo kz
Facebook -
Instagram -
WhatApp -
TikTok -
Біздің сайт: www.31.kz және www.informburo.kz

#Информбюро #31арна #БастыЖаңалықтар #АқиқатынАйтайық

Похожие видео

  © 2019-2021
  Этиканы үйрену керек! Ауыл әкімдері партаға отырып, сабақ оқып жатыр - RusLar.Me