«Ифтар» емес ауызашар, «сухур» емес сәресі! Бас мүфти қазақ тілдерін қолдануға шақырды

Просмотров: 122   |   Загружено: 10 час.
icon
Информбюро 31
icon
1
icon
Скачать
iconПодробнее о видео
БІЗДІҢ YOUTUBE АРНАҒА ТІРКЕЛІҢІЗ:
---------------------------------------------
Ақтаудағы ұшақ апаты -
Бишімбаев ісі -
Су тасқыны бойынша барлық ақпарат -
Жұмбақ өлімдер -

Бүгінгі шығарылымда:
Бас мүфти Рамазай айында «ифтар», «сухур» секілді діни терминдердің орнына, дәстүрлі «ауызашар, сәресі» сөздерін қолдануға шақырып отыр. Пайымынша, өзге тілдерден енген терминдерден, мейлінше аулақ болған абзал. Әрі, ораза тұту, ауыз ашу, пітір садақа беруге қатысты маңызды сұрақтарға күні кеше іске қосылған MuftyatBot Telegram-ботынан жауап алуға мүмкіндік мол деді діни басқарма өкілдері.
Сондай-ақ, бот арқылы еліміздегі алты мың елдімекеннің халқы Қазақстанның мұсылмандары діни басқармасы ұсынған ораза кестесін жүктей алады. Бұдан бөлек, мүфтияттың ресми сайтында жарияланған барлық ақпар, пәтуа да қолжетімді. Бастысы, бот шариғат және пәтуа бөлімінің мамандарынан тікелей жауап алуға ықпал етеді. Айта кетейік, биыл қасиетті Рамазан айы 1 наурызда басталып, 29 күнге созылғалы отыр. Яғни, 30 наурыз – Ораза айт мерекесі. Ал, қадір түні наурыз айының 26-нан 27-іне қараған түнге түсіп тұр. Сондай-ақ, ғұламалар пітір садақасын екі келі ұнның орташа бағасы негізінде 655 теңге деп бекіткен.
НАУРЫЗБАЙ ҚАЖЫ ТАҒАНҰЛЫ, бас мүфти:
- Жолаушылар, науқас жандар мен сырқаты асқынып кетуінен қауіптенген адамдар, сондай-ақ жүкті немесе емізулі баласы бар әйел адамдар ораза ұстауды кейінгі уақытқа қалдыруына болады. Оған шариғатымыз рұқсат еткен. + Расында ислам діні ауыз бекітуге, зекет пен садақа беруге шамасы келмейтін адамдарды ауыртпалықтан босатқан.

---------------------------------------------
Біз барлық әлеуметтік желідеміз, тіркеліңіз:
Бізді әлеуметтік желіде оқыңыздар:
Информбюро 31
Informburo kz
Facebook -
Instagram -
WhatApp -
TikTok -
Біздің сайт: www.31.kz және www.informburo.kz

#Информбюро #31арна #БастыЖаңалықтар #АқиқатынАйтайық

Похожие видео

Добавлено: 55 год.
Добавил:
  © 2019-2021
  «Ифтар» емес ауызашар, «сухур» емес сәресі! Бас мүфти қазақ тілдерін қолдануға шақырды - RusLar.Me