
Жазғы кезеңде "Өрнек" лагерінде 900 бала демалып, жаңа достар тауып ортасын кеңейтті: "Ақ шағала" республикалық хореографиялық фестиваль-байқауының 160 қатысушысы, "Жас Ұлан" республикалық ұйымының Алматы қалалық филиалының 248 жас көшбасшысы, "Жанұя" балаларға арналған мамандандырылған кешеннің жас тәрбиеленушілері 2 ауысымда (84 бала, 69 бала), әлеуметтік осал отбасылардан шыққан 339 бала.
Әр ауысым - бұл ғылыми жаңалықтар, көркем шығармашылық, спорттық жарыстар, конкурстар, мастер-класстар әлеміне қызықты саяхатқа толы болды.