Израиль билігі ел аумағында Палестина жұртын қолдап, соғысқа қарсы пікір білдірушілерге қарсы ережені қатаңдатады. Газа секторында қақтығыс басталғалы еврей полициясы 400-ден астам палестиналықты тергеген. Елдегі заңға сәйкес террористік топқа қатысы бар деген айыппен бірқатары түрмеге қамалды. Сондай-ақ қызметінен босатылып, білім беру саласында қудаланғандар көп.
#израиль #палестина #газа секторы #тергеу #Жаңалықтар #24KZ #хабар24