Ақтөбеде үлескерлер дауы шешілер емес

Просмотров: 310   |   Загружено: 6 дн
icon
РИКА ТВ
icon
3
icon
Скачать
iconПодробнее о видео
Жеке клубы бар Премиум санатындағы үйге кіреміз деген тұрғындардың арманы алты жылдан бері орындалар емес. Ақырында үлескерлер баспана жалдап, несиеге кіруге мәжбүр. Сегіз үйден тұратын клуб алаңы бар тұрғын үй кешенінің құрылысы 2019 жылы басталған. Араға екі жыл салып, құрылысты бастаған "Хан групп" компаниясының жетекшісі Нұрбек Байғұттиев сотталып кетті. Компания өзгенің қолына өтті. Үлескерлердің баспанаға әлі де қолдары жете алмай жүр.
Құрылысты жалғастыруды мойнына алған екінші компания "New Citi Pro " серіктестігі басшысымен байланыс үзілгеніне де біраз уақыт болды. Компания тарапынан нақты жауап та жоқ. Бірақ мұның алдында болашақта құрылысы аяқталатын үйдегі пәтерлердің шаршы метрі бұрынғы келісім шартта көрсетілген бағадан екі есеге дейін қымбат болуы мүмкін екенін ескертіпті компания өкілдері. Осыдан алты жыл бұрын пәтерлердің шаршы метрі 180 мың теңгеден басталса, ендігі баға 380 мың теңгеге дейін қымбаттауы мүмкін. Алты жылдан бері Авиатор Премиум тұрғын үй кешенінің тұрғындары екінші құрылыс компаниясын да сотқа беріп үлгерген. Сот шешімі бойынша "New Citi Pro " серіктестігі құрылысты аяқтауға міндеттелген. Ал, "New Citi Pro " серіктестігінің басшысы Рустам Хамзин құрылысты жүргізуге жергілікті билік тарапынан кедергі көп, дейді. Жұмысқа кірісе алмай отырғандарына жарты жылдан асыпты. Себебі, құрылыс жүргізілетін жер әкімдіктің меншігінде, құрылысқа рұқсат бермей отыр. Ал, үлескерлер үйді тез бітіріп беруді талап етуде. Мәселе қаражатта емес, құжатта болып тұр, дейді "New Citi Pro " басшысы Рустам Хамзин .
Сайт телеканала
Twitter
Вконтакте
Telegram

Похожие видео

Добавлено: 56 год.
Добавил:
  © 2019-2021
  Ақтөбеде үлескерлер дауы шешілер емес - RusLar.Me