
---------------------------------------------
Ақтаудағы ұшақ апаты -
Бишімбаев ісі -
Су тасқыны бойынша барлық ақпарат -
Жұмбақ өлімдер -
Бүгінгі шығарылымда:
Түркістан облысының Мақтаарал ауданында жерасты сулары көтеріліп, көктемгі егістікке дайындық жұмыстарын бастауға кедергі келтіріп тұр. Диқандар өздеріне тиесілі алқаптың соры шығып, тіпті эрозияға ұласып жатқанын айтады. Соның кесірінен әлі егістік жұмыстары басталмапты. Бұдан бөлек, аудандағы тік дренаждардың дені жарамсыз күйде дейді.
Мақтаарал ауданындағы Нұрлыбаев, Жаңажол, Қарақай ауылдарының тұрғындары тығырыққа тірелгендерін айтады. Себебі, судың деңгейін төмендетуге арналған 57 тік дренаждың дені істен шыққан. Соның кесірінен жер өнім егуге жарамсыз болып қалды дейді.
ҚАЛМҰРАТ САЛМАНОВ, шаруа:
- Тұз, сор жерге ештеңе шықпайды. Ешқандай зат, өнім шықпайды. Мақтаның бойы бұрынғыдай 90 сантиметр көтерілмейді. 45 сантиметрден аспайды. Есігіміздің алдындағы огородтарымызға ештеңе егуден қалдық сордан. Егістік жерімізге күріштен басқа ештеңе шықпайды.
ОРАЗГЕЛДІ АСАУБАЕВ, шаруа:
- Сорланып кетті жердің бәрі. Қазір жерасты деңгейіндегі су бір лопата қазсаң, көтеріліп тұр. Дренаж вообще қосылмайды. Уже жазбаған жеріміз қалмады. Бірақ келіп, тексеріп неғылып жатқан ешкім жоқ.
Аудандағы 218 тік дренаждың 187-сі «Қазсушар» мекемесінің меншігінде. Оның жөндеу жұмыстарына миллиондаған қаражат бөлінген дейді жұрт. Алайда ауылдағы шаруалар соның игілігін сезіне алмадық деп ашулы. Жалған есеп жарға жығып жатқанын айтады.
ҚАЙРАТ АЙНАБЕКОВ, шаруа:
- Тік дренаждар істеп тұрған кезде 70-80 сантиметр су сіңген. Қазір 100 процент суды қайтып сбросқа тастаймыз. Одан кейін көктемде кеш егеміз.
Ал "Қазсушар" мекемесінің мамандары болса үш ауылдық округтегі дренаждар мемлекет меншігінде емес екенін алға тартады. Соған қарамастан жарамды деген құрылғыларды жөндеуге кірістік дейді.
ӘЛИ МЫРЗАБЕКОВ, «ҚАЗСУШАР» Мекемесі мақтаарал өндірістік бөлімшесі басшысының орынбасары:
- 57-нің ішінде 20-сы істейді. 20 данасы істейді. 10 данасын біз қалпына келтіріп қойдық. Оның насостары қалды. Ендігі айдың ішінде насос келеді оған да. 27-ні үлгергенімізше барлық жұмыстарын істейміз. Үлгермегенімізді ендігі жылы толық бітеді.
МАҚСАТ ЖАҚСЫБАЙҰЛЫ, тілші:
- Диқандар бұл шаруаны тездетіп бітірмесе, өнімді тым кеш себеміз деп алаңдаулы. Бұл еккен дәнді-дақыл, жеміс-жидектің сапасына тікелей әсер етеді деп отыр. Сондықтан диқандар уәде орындалмаса мәселені министр алдында төтесінен қоюды жоспарлаған.
---------------------------------------------
Біз барлық әлеуметтік желідеміз, тіркеліңіз:
Бізді әлеуметтік желіде оқыңыздар:
Информбюро 31
Informburo kz
Facebook -
Instagram -
WhatApp -
TikTok -
Біздің сайт: www.31.kz және www.informburo.kz
#Информбюро #31арна #БастыЖаңалықтар #АқиқатынАйтайық