#пирожки #пирожкисяйцом #пирожкискартошкой #пирожкисяйцомизелёнымлуком
Ең оңай, ең дәмді, жұп-жұмсақ пирожкидің рецептін видеодан көре аласыздар☝️
Пирожки жасағанда міндетті түрде осы қағидаларға көңіл бөліңіздер:
📍 Пирожкидің қамырын жасағанда барынша жұмсақ, қолға аздап жабысып тұратындай етіп илеңіздер, сонда, жұп-жұмсақ болып піседі.
📍 Пирожкидің ішіне қандай начинка салсаңыздар да ең бастысы қатты ыстық болмауы керек, бөлме температурасында болсын.
📍 Пирожкиді түйген соң бірден қуырмай, 10-15 минут бетін сүлгімен жауып қойыңыз, сосын аздап көтерілген соң қуырыңыз, сонда қатты болып қалмайды, жұмсақ болып піседі.
📍 Пирожкиді орташа қызып тұрған майда қуыру керек, сонда арасы да жақсы пісіп шығады.
📍 Пирожкиді пісіп болған соң қағаз майлықтың үстінде бөлме температурасында суытыңыз.
📍Осы қарапайым қағидаларға мән берсеңіз пирожки өте дәмді болып піседі.
Музыка: