Оралда жолға сыймай, қарсы кездескен көлік иесіне қару кезенген тентек ұсталды. Полиция дерегінше, ол өзіне жол бермеген қарсыласын суық қарумен қорқытыпты. Қарудан қаймыққан жігіт бірден полицияға хабарласады. Суыт хабар ізімен суық қару иесін іздеген сақшылар оны алысқа ұзатпады. Бірақ күдіктінің қолындағы алтыатар арнайы белгі беретін сигналдық тапанша болып шықты. Дегенмен оның бұл қылығы жауапсыз қалмайды: алтыатар асынған азамат енді заң алдында жауап береді. Полициядан қашса да, кінәсін мойындамаған жігітті арнайы тексеруден өткізген дәрігерлер оның мас екенін анықтады.