Министрлер не үшін қызметтен қуылды? Тоқаевтың не ойлағаны бар?

Просмотров: 74, 864   |   Загружено: 3 мес.
icon
Ozekti Media
icon
1, 660
icon
Скачать
iconПодробнее о видео
Сіздіңше, министрлер не үшін отставкаға кетті? Қазақ армиясын ұшқыш басқара ала ма? Көлік министріне кім лайықты? Комментарий жазыңыздар 👇🏻

Қазақстанда кадрлық ауыс-түйістердің демалыс күндері орын алуы әдетке айналып бара жатқандай. Өткен айдың соңында Алматы әкімі ауысқан еді, бұл жолы жексенбіде Астананың сол жағалауында білдей министрлер жылы креслоларымен қош айтысты. Негізі, ведомство басшыларының отставкаға кетуі – қашанда елеулі оқиға, ал оның демалыс күні қызметтен босатылуы, тіпті, тосын жағдай. Оған қоса, бір мезетте қос шенеуніктің жұмыстан «қуылуы» елдің назарынан тыс қалмасы анық. Сонымен, демалыста демалмаған Президент Тоқаев екі министрді бірден отставкаға жіберетіндей не болып қалды? Экс-көлік министрі Марат Қарабаев не істеп қойды? Ал елдің қорғанысына жауапты болған генерал-половник Руслан Жақсылықов қай «қылығымен» жақпай қалды?

00:00 «Министрлерді отставкаға жіберді»: Президент Тоқаевтың ойлағаны не?
00:58 «Өкпелесең көшіп кет»: Генерал-полковник Руслан Жақсылықов несімен есте қалды?
02:09 «Елбасын еске алды»: Экс-министр неге қазақша сөйлеуден бас тартты?
03:00 «Әскерилер жеңілдіктерге ие болды»: Руслан Фатихұлының қазақ армиясына қандай пайдасы тиді?
03:38 «Дедовщина жоқ»: Қорғаныс министрлігінің бұрынғы басшысы әскердегі әлімжеттік жайлы не деді?
04:39 «Өмір деген жизнь ғой»: Жастарды армияға күштеп әкету оқиғалары неге жиілеп кетті?
05:24 «Белгісіз дрондар түсті»: Жақсылықовтың креслосымен қоштасуына нақты не себеп?
06:15 «Орнына Дәурен Қосанов тағайындалды»: Қазақ армиясын ұшқыш басқара ала ма?
06:57 «Күтпеген жерден отставкаға кетті»: Көлік министрінің хабарды іссапарда жүрген кезінде білгені рас па?
07:57 «Вагондардың көбі әбден ескірген»: Қарабаев теміржол саласына нендей өзгеріс әкелді?
08:59 «Әуебилеттер қымбат емес»: Экс-министр депутаттармен неге шекісіп қалды?
10:24 «Әуекомпаниямен бірге әуежайды да алғысы келеді»: Вьетнамдық VietJet-пен министрлік қандай келісімге келді?
11:41 «Көлік министрінің орны әлі бос тұр»: Ведомствоның жаңа басшысы кім болады?

Telegram -
Instagram -
Tik-Tok -

*Сотрудничество: ozektimedia@gmail.com

#қазақстанжаңалықтары #тоқаев #саясат #қазақстан #министр #үкімет #маратқарабаев #русланжақсылықов #қорғанысминистрі #көлікминистрі #кадрлықауыстүйіс #билік #сараптама #жаңалықтар #астана

Похожие видео

Добавлено: 56 год.
Добавил:
  © 2019-2021
  Министрлер не үшін қызметтен қуылды? Тоқаевтың не ойлағаны бар? - RusLar.Me