Қарбызды қаншадан алып жүрсіздер? Үлкен қалаларда 140-150-ден басталып, әр келісі 200 теңгеге дейін барады қазір. Бірақ Жамбылда соның 2000 тоннасы шіріп жатыр. Кредит алып, егінге салып, ала жаздай терін төгіп, енді өнім піскенде қып-қызыл шығынға батты шаруалар.