Биыл Ақтауда әлеуметтік осал топтағы 50 адам мемлекеттен қайтарымсыз грант ұтып алды, деп хабарлайды 24KZ. 400 айлық есептік көрсеткіш мөлшеріндегі қаржы жалғыз және көпбалалы аналарға, мүгедек бала өсіріп отырғандар, атаулы көмек алатындар мен қандастарға берілді. Грант иелері тамақ және жеңіл өнеркәсіп саласында шағын өндіріс ашып, жаңа жұмыс орнын ұсынып жатыр.
#ақтау #қайтарымсызгрант #әлеуметтікосалтоп #Жаңалықтар #24KZ #хабар24