Әлеуметтік желіде тараған видеода автор мұнай өнімінің отыз үшінші парк аумағында ағып жатқанын айтады. Сұйықтықты сорып жатқанмен, азаяр түрі көрінбейді. «Атырау мұнай өңдеу зауыты» басшылығы №33 резервуар паркіндегі тауарлық автобензин компоненттерін айдау желісінде ағып кету фактісін растады. Айтуларынша, оқиға мұнай өнімін жөнелту көлеміне әсер етпейді. Зауыт штаттық режимде жұмыс істеуде.