Арал қаласында «Қамқорлық» оңалту орталығы ашылды

Просмотров: 8   |   Загружено: 18 час.
icon
QYZYLORDA TV / Қызылорда телеарнасы
icon
0
icon
Скачать
iconПодробнее о видео
#qyzylordatv
Арал ауданында «Қазақстан халқына» қоғамдық қорының қолдауымен «Қамқорлық» оңалту орталығы ашылды. Енді Арал, Қазалы және көршілес Шалқар ауданында тұратын ерекше балалар осында келіп, қажетті ем-домын алады. Емдеу мекемесінің ашылуына облыс әкімі қатысып, медицина саласында атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды.

Бүгінде елімізде мемлекет басшысының қолдауымен медицина саласында ауқымды жобалар жүзеге асырылып жатыр. Соның ішінде «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында аймақта 28 ауылдық амбулатория салынып, ел игілігіне берілді. Арал, Қазалы, Шиелі және Жаңақорған көпбейінді аудандық ауруханалары жанынан қосымша ғимараттар, Арал мен Шиелі аудандық ауруханалары жанынан жұқпалы аурулар бөлімшелері салынуда. Елді мекендерді санитарлық автокөлікпен қамту мәселесі толық шешімін тауып, тұрғындардың медициналық қызметке қолжетімділігі арта түсті.

НҰРЛЫБЕК НӘЛІБАЕВ, ОБЛЫС ӘКІМІ \сіздердің көптен көтеріп жүрген мәселелеріңіз емхана. Бірден бір жаңа емхана салынбаған осы Арал ауданы.....\

«Қазақстан халқына» қоғамдық қоры да әлеуметтік салаға қомақты қаржы бөліп, тұрғындардың тұрмыс сапасының, денсаулығының жақсаруына үлес қосып келеді. Мәселен, соңғы екі жылда өңірдің денсаулық сақтау саласына қор тарапынан 5 млрд. теңгеге жуық қаржы бағытталған.

Айта кету керек, бұған дейін қордың қолдауымен Қызылорда қаласы мен Жаңақорған ауданында «Қамқорлық» оңалту орталығы ашылған болатын. Енді міне, дәл осындай емдеу мекемесі Арал қаласында жұмысын бастады. Енді солтүстік аудандарында тұратын мыңға жуық ерекше топтағы бала осы орталыққа келіп, тиісті емін алатын болады.

ОЛЖАС ЫСҚАҚОВ, ОБЛЫСТЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ \Бұған дейін Арал, Қазалының халқы оңалту емін алу үшін облыс орталығына барып, балалар ауруханасындағы Қамқорлық оңалту орталығына баратын....\

Орталық заманауи үлгідегі медициналық құралдармен жабдықтаған. Арнайы оқытылған мамандар шетелдің озық технологиясын қолдана отырып, балаларды ортаға бейімдейді.

Сайт -
Facebook -
Instagram -
Telegram -
Tiktok -

Похожие видео

Добавлено: 56 год.
Добавил:
  © 2019-2021
  Арал қаласында «Қамқорлық» оңалту орталығы ашылды - RusLar.Me