Енді ескірген жылу-электр желілерін жаңғыртуға зейнетақы қорынан да қаржы алынады. Бұл туралы бүгін вице-министр Қанат Бозымбаев мәлімдеді. Оның айтуынша, Қазақстандағы электр желілерінің 70%-ы, жылу құбырларының 50%-ы тозған. Оларды жаңғыртуға кемі 13 трлн теңге қажет.