Жамбыл облысында ауыл шаруашылығына арналған техниканың тең жартысы жоқ

Просмотров: 2, 857   |   Загружено: 1 дн
icon
Информбюро 31
icon
45
icon
Скачать
iconПодробнее о видео
БІЗДІҢ YOUTUBE АРНАҒА ТІРКЕЛІҢІЗ:
---------------------------------------------
Жамбыл облысында ауыл шаруашылығына арналған техниканың тең жартысы жоқ. Аймақ атқамінерлері санда бар да санатта жоқ 4 мың техниканы тек қағаз жүзінде қолданып келген. Ал қарапайым диқандар гектар-гектар алқапқа еккен өнімді қолмен жинап әлек. Есесіне жылдар бойы жоқ техникамен егістік көлемін арттырып көрсеткен өңір басшылары жоқ жерден субсидия алып келген. Мәселенің мән-жайын Нұрадин Рақай біліп келді.
Жамбылдық диқандардың жартысы жер өңдеуде өгіз соқа салмаса да кетпен, күрек сияқты көне тәсілді қолданады. Егістік басында еңкейген адам көп. Өйткені өнім жинайтын жаңа техника жоқ. Мәселен биыл 70 гектар картоп еккен Керімқұл Бегалиев қол күшпен әупірімдеп өнім жинап жүр.
КЕРІМҚҰЛ БЕГАЛИЕВ, шаруа қожалығының басшысы:
- Өте қымбат. Кемі 90-100 млн теңге. Оны біз ала алмаймыз. «ҚазАгроҚаржы» арқылы алатын болсақ оны бағасы қайтадан соншама бағаға өсіп кетеді. 7 жылдың ішінде біз оны төлей алмаймыз. Төлегеннің өзінде де жыл сайын түскен пайданы үстемақысына төлеп отырамыз.
Бұл салаға жауаптылар техника тасымалдаушылар қолдан қымбатшылық жасайтынын айтады. Мемлекеттен қаржы бөліне қалса компаниялар бағаны көтеріп жібереді дейді. Есесіне ескі техниканы есептен шығарудың ебін тапқан аудан әкімдері қолда жоқ техниканы бар деп келген дейді. Осылайша әкімдердің жылдағы есебі ертегі болып шыққан деп отыр басқарма өкілдері.
ӘБДІРАСЫЛ ЖЕЛЕУБАЕВ, Жамбыл облыстық ауыл шаруашылығы басқарма басшысының орынбасары:
- 9 600 техниканың 4 мың техникасы мүлдем жоқ. Аты бар, заты жоқ. Иесі жоқ, не техниканың өзі жоқ. Фермерлер де жанайқайын жеткізді. Субсидияны естіп біздің техника жеткізушілер 30-40 пайызға дейін шарықтатып жіберген кездер де болған. Қазір тиісті мүдделі органдарға техниканың бағасын тұрақтандыру, бағасын тиісті деңгейде ұстап тұру туралы тапсырма берілді.
Ертегі болмағанда, елімізде ескі техника 5,5 пайызға жаңарып отыру керек. Бірақ Жамбылда бұл талап тек қағаз жүзінде құнттай болып келген. Ақыры алдаудың амалын тапқан атқамінерлер тізімде жоқ техника есебін еселеп көрсету арқылы игерілген жер мен алынған өнім көрсеткіштері бір-біріне сай болғанын қалапты. Сөйтіп техниканы түгендеуден басталған тексерістен кейін егістік алқаптарының да есебі шыққан. Нұрадин Рақай, Дәулетбай Нұрмахан, И-Б Жамбылдан.
-----------------------------------------
Теңдессіз жобамызға көз салыңыз:
Бишімбаев ісі -
Су тасқыны бойынша барлық ақпарат -
Жұмбақ өлімдер -
Біз барлық әлеуметтік желідеміз, тіркеліңіз:
Информбюро 31
Informburo kz
Facebook -
Instagram -
WhatApp -
TikTok -
Біздің сайт: www.31.kz және www.informburo.kz

#Информбюро #31арна #БастыЖаңалықтар #АқиқатынАйтайық

Похожие видео

Добавлено: 55 год.
Добавил:
  © 2019-2021
  Жамбыл облысында ауыл шаруашылығына арналған техниканың тең жартысы жоқ - RusLar.Me