"5 жылдан бері әділдікке жете алмай жүрміз". Алматыдағы «ROI» кооперативінің қызметкерлері осылай дейді. 2019 жылы құрылған ұйым тұрғын үй мәселесін шешемін деген азаматтарға үлкен мүмкіндік сыйлаған. Алайда 1 жыл өткен соң кооператив жұмысына қатысты қылмыстық іс қозғалыпты. Содан бері 5 жыл болды, сот процесі әлі бітер емес.