
Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) былай дейді: «Мүлк сүресін әр күні түнде оқыған кісіге Алла Тағала қабір азабын бермейді».
«Мүлк сүресін оқымай жатпа, сірә өлгенде қабірде жолдас болады. Әр түні Мүлк сүресін оқыған кісі Қадір тунін ғибадатпен өткізгендей сауап алады. Мен Мүлк сүресінің үмбетімнен әр адамның жүрегінде болғанын жақсы көремін.»
«Құранда отыз аяттан тұратын сүре бар. Кім оны оқыса Қияметте оның күнәсі кешірілмейінше шапағат етуін тоқтатпайды. Ол – Мүлк сүресі». (Әбу Дәуіт).
-«Мүлк сүресі жамандықтардың алдын алушысы және құтқартушысы. Ол қабір азабынан қорғайды.»
-«Мүлк сүресін әр түні оқыған адамнан Хақ Тағала қабір азабын алып тастайды.»
-«Мүлк сүресін оқымастан жатпа! Өйткені өлетін болсаң, қабірде саған жолдас болады. Әр түні Мүлк сүресін оқыған адам Қадір түнін ғибадатпен өткізгендей сауапқа ие болады.»
Абдуллаһ ибн Аббас (р.а.) былай дейді: «Мүлк сүресін оқы. Оны Жатта! Бала-шағаңа, көршілеріңе де үйрет! Өйткені, бұл сүре азаптан құтқарушы. Оқыған кісіге Алланың жанында шапағатшы. Егер кісі оны жаттаған болса, Алладан оны (кісіні) тозақтан құтқаруын тілейді. Алла, сол себепті оны қабір азабынан қорғайды».
Мұхаммед ибн Алқами былай дейді: «Әр түні Тәбәрәка (Мүлк) сүресін оқығаннан қабір сұрақтары сұралмайды».
Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) былай дейді: «Құран Кәрімде отыз аяттық бір сүре бар. Кім ол сүрені ұйықтар алдын оқыса, ол кісіге отыз сауап жазылады, отыз күнәсы кешіріледі. Отыз дәреже көтеріледі. Алла Тағала ол кісіге бір періште жібереді. Ол періште ол кісінің үстіне қанатын жайып, оянғанша оны барлық нәрседен қорғайды. Ол сүре қабірде өзін оқыған кісіге(азап болмас) үшін күреседі. Міне, ол сүре Мүлк сүресі»
Асхаби кирамнан бірнеше кісі бір жерге шатыр құрған еді. Бұл жерде бір қабірдің бар екенін білмеген еді. Шатыр астында Мүлік сүресінің оқылып жатқаны естілді. Алла Елшісіне (с.ғ.с) мұны айтқанда, ол:
«Бұл сүре адамды қабір азабынан қорғайды» деді.
Абдуллаһ ибн Аббас былай деді:
«Мүлік сүресін оқы! Оны жаттап ал! Бала-шағаңа және көршілеріңе де үйрет. Себебі бұл сүре азаптардан құтқарушы. Оқыған адамға Хақ Тағаланың алдында шапағатшы. Егер адам оны жаттап алған болса, Аллаһтан оны тозақтан құтқаруын сұрайды. Алла Тағала мұның себебімен әлгі адамды қабір азабынан құтқарады.»
Мұхаммед бин Алқами былай деді:
«Әр түні Тәбәрака (Мүлік) сүресін оқығандарға қабір сұрағы сұрамайды.»
Абдуллаһ ибн Мәсуд былай деді:
«Біреу қайтыс болып қабірге түсірілген кезінде азап періштелері мәйіттің басына келеді. Бас оларға: "Оған жоламаңдар, өйткені ол маған Мүлік сүресін оқыды" дейді. Содан соң қарын жағына барып отырады. Ол да: "Оған жоламаңдар. Өйткені ол менде Мүлік сүресін жаттап сақтаған" дейді. Осы себептен бұл сүреге "қабір азабына бөгет" мағынасында "Мания" делінген.»
Абдуллаһ ибн Мәсуд былай деген:
«Кімде-кім, әр түні Мүлік сүресін оқыса, Алла Тағала мұның себебімен ол кісіні қабір азабынан құтқарады.»
(Мүлік сүресі Құран Кәрімде 561-563 беттері арасында.)
#коран #құран #құраноқу #ислам #ихсан #сүрелер #сүре #дұға #дұғалар #қабір #альмульк #азап #исламдіні #қмдб #аллах #құдай #пайғамбар #религия #суры #коран #слушать #сурамульк #хафиз #ихсан #ұстаз #уағыз #насихат #мишари #рашид #психология #тыңдау #казахстан #казакстан #дін #басқарма #таджвид