Қылқалам шеберлері жұмыссыз қалуы мүмкін. Қарандаштың ұшымен, талантының күшімен тірі жанды айнытпай салатын дарындылардың бұл өнерін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы құптамайды екен. Себебі, шариғат бойынша тірі жанды бейнелеу күнә болып шықты. Ал, аталған үкіммен суретшілер келіспейді.