
Сұмдық статистика! Қазақстан қалаларынан халық жаппай көшіп жатыр. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросына сілтеме жасап, Бірінші кредиттік бюро хабарлады. Дерекке сенсек, өткен жылдың 1 сәуірінен биылғы 1 сәуірге дейінгі аралықта республикалық және облыстық маңызы бар 41 шаһардың 20-сында тұрғындардың қатары азайған. Адам саны қысқарған қалалар ішінде ірі мегаполис Алматының іргесінде тұрған Қонаев көш бастайды. Бір жыл ішінде мұндағы жұрт 8,2 пайызға азайып, шамамен, 66 мың адам болған. Екінші орында Семей тұр. Шаһардан бір жыл ішінде тұрғындарының 5,1 проценті кетіп, 314 мың адам қалған. Ресей жалға алған Байқоңыр қаласында да дәл осындай динамика сақталып отыр. Мұнда халық саны 12 айда 3,6 пайызға дейін қысқарып, 32 мың 400 құраған. Үш қаланың ішінде бұқарасы тұрақты түрде азайып жатқан қала – Семей мен Байқоңыр көрінеді. Приозерск, Курчатов, Арқалық секілді шағын қалаларда бұл көрсеткіш минус 2,3 процент, минус 2,7 пайызға тең. Бұл өңірлерде жалпы алғанда 57 мың 700 адам тұрады.
Telegram -
Instagram -
Tik-Tok -
*Сотрудничество: ozektimedia@gmail.com