
Әлгі жаңғақ қуғышты көреміз.Сол сәтте еді,ол өзінің ғашығын кездестіреді.Бірақ та бәрібір сол жаңғаққа таласу еді.Мэнни мамонт болса өзінше әйеліне керемет сыйлық дайындап қойыпты.Өз қолынан болашақ туатын баласына мұздан жасалған әр түрлі ойыншықтар жасап қойыпты.Диего болса бір жануарды қуып жүр. Ақыры демі жетпей шаршап қалады.Сонда әлгі жануар оны мазақтай бастайды.Мэнни әлгі ойыншықтарды Эллиге көрсетіп жатқанда Диего келеді.Жақында өзінің кететінін айтады.Енді мен қала алмаймын деп қояды.Оған Мэнни ренжіп қалғандай түр білдіреді.Осы жаңалықты Диего Сидке де айтады.Бірақ Сид өзі ақ көңіл қой.Қатты мән бере қоймайды.Диего болса айтқаным шын деп кетіп қалады.Сид өзі жалғыз көңілі түсіп не не істеймін деп мұзға қарап тұрғанда, ол мұз жарылып,Сид төменге түсіп кетеді.Қараса үңгірдің іші сияқты.Оның ішінде үш жұмыртқа бар.Динозаврдың жұмыртқалары еді.Сид болса ойланбай ол жұмыртқаларды сыртқа алып шығады.Бір кезде жұмыртқаларға сурет салып,кетіп бара жатыр еді,тайғанақтап жүріп кетеді.Тура Мэнни мен Эллидің қасына тоқтайды.Мэнни болса,бұл не тағы да,апарып таста дейді.Сид оған,келіспейді.Бұл жұмыртқаны мен таптым,демек мен оларды асыраймын деп қояды.Барлығы қарсы болса да,Сид жұмыртқасымен кетіп қалады.Бір кезде ауа райы бұзылады.Сол кезде Сид жұмыртқаларымен бір тастың астына тығылады.Әлгі Сидтің құлаған шұңқырынан динозаврдың дауысы естіледі.Келесі күні әлгі жұмыртқалар тесіліп оның ішінен кішкентай динозаврдың балалары шығады.Бірден Сидті мама деп құшақтайды.Сидтің де көңіл күйі көтеріліп қуанып қалады.Осылайша олармен ойнап әр түрлі нәрсені үйретеді.Балалар болса Сидті бір тістеп қалады. Сонда Сид оларға тістеуге болмайды деп ұрсады.Әлгілер болса жылайды ғой.Сид болса оларды жұбатып мүмкін сендердің қарындарың аш шығар дейді.Сид байқамай бұқадан сүт аламын деп ойлайды.Содан кейін Сид балаларды Мэннидің әдемілеп жасап қойған балабақшасына әкеледі.Әлгілер болса теңтектік жасап бәрін қирата бастайды.Сол маңайда жүрген бүкіл жануарларды шошытады.Оны Мэнни көріп қалып Сидке ұрсады.Тез арада динозаврдың балаларын қайтар дейді.Сид болса мен оларды қайтармаймын,бұлар менің балаларым деп қояды.Мэнни оған,бұл динозаврдың балалары көрмей тұрсың ба дейді.Бір кезде тарс тұрс дауыстар естіледі.Сөйтсе,балалардың анасы келе жатыр екен.Бәрі динозаврды көріп шошиды.Сид болса балаларды алып қаша бастайды.Динозавр ақыры бұлардың тығылып тұрған жерін тауып алады да,сосын балаларды Сидпен қоса алып кетеді.Олар тура Диегоның қасынан өтеді.Диего болса таңғалып қалады.
Әссәләму әлейкум достар! Кино туралы каналымызға қош келдіңіз! Біздің каналда әлемдегі жұлдыздардың өмір баяны.Сонымен қатар,фильмдерге шолу және ол фильмдер жайлы қызық жайттар айтылады. Досым,каналымызға тіркеліп қойыңызшы.Сіздің әрбір қолдауыңыз біз үшін маңызды. Әр бейнеге лайк басып досыңмен бөлісуді ұмытпа!
#КиноТуралы #КиноШолу #ледниковыйпериод