Путин қазақ жері арқылы газ құбырын салып, орыс мектептерін ашпақ. Доллардың өсу, бюджет тапшылығы

Просмотров: 68, 812   |   Загружено: 2 мес.
icon
ULYSMEDIA
icon
3, 045
icon
Скачать
iconПодробнее о видео
Армысыз, ардақты ағайын! Аптаның ең айшықты деген оқиғаларын өздеріңізге жеткізуге дайынбыз. Ендеше, назар сізден, талдау бізден болсын! «Ұлыс медиа» қатарына қосылып, лайк басып, пікір қалдыруды да ұмытпаңыз.
Алдымен, аңдатпа:

Араға 4 ай салып, Путин Қазақстанға тағы келіп-кетті. Әуежайдан-ақ, «Жоғары мәртебелі Владимир Путин мырза» деп күтіп алып, көшеге қаптатып лед-экранға Ресей туын қоюымыз «даңғазалық» болған жоқ па?

3 орыс мектебін ашу, 3 ТЭЦ салу, АСЭ құрылысынан дәмету, орыс тілін дамыту, Ортақ тарих жазу – орыс әлемі тым қазаққа жақындап кеткен жоқ па? Путин Тоқаевқа көп алғыс айтты. Әрі «Қазақстан – орыс тілінде сөйлейтін ел» деді. Бұған не уәж айта аласың?

ОДКБ жиынының қазақ үшін мәні бар ма? Қаңтар оқиғасынан кейін оның мүше мемлекеттердің ішкі саясатына кірісуі жиіледі дейді саясаттанушы Дос Көшім. Бұл қауіпті ме? Путин Киев пен батысқа тағы «Орешник жіберемін» деп сес көрсетіп отыр.

Жаңаөзендегі мұнайшылар мәселесі әлі шешілген жоқ. Қара жұмысшылардың енді үміті Президентте. Ал әлеуметтік қиындық туғызатын мәселені реттеуге Энергетика министрінің зауқы жоқ. Тілшілер сұрағына да қазақша жауап бермеймін деп қыр көрсету қай сасқаныңыз, Сатқалиев мырза?

«Саяси тұтқын» деп танылған марафоншы Марат Жыланбаев 13 қарашадан бері түрмеде аштық жариялап отыр. Оның шағымын неге құзырлы орын қарамайды?

Бейімделгеннен басқа амал жоқ па? Құны шарықтап, доллар тағы рекорд орнатты – 525 теңге. Экономистер бұл әлі басы ғана дейді. Ал сасқан үйрек атрымен жүзеді дегедей Ұлттық банк базалық мөлшерлемені көтеріп жіберді.

«Өздерің би, өздерің қожа»: депутаттар министрлерге ренжулі. Биылдың өзінде бюджет бекітілген құжат 10 рет өзгертіліпті. Есепті дұрыс жүргізбейтіндер неге Үкіметте отырады?


Арнаға жазылып, бәрінен хабардар болыңыз.
Сайт ulysmedia.kz
Facebook:
Telegram:
Instagram: @samal.live
@ulysmedia.kz @vyhod_k_pravde
@ulysmedia.kz

Донаты для “Ulysmedia”:
Карта Kaspi Gold: 4400 4301 9413 8266
Карта Halyk Bank: 4300 0327 1086 4101
Samal Ibrayeva Kazakhstan

#Ulysmedia #қазақстанжаңалықтары #қазақтілі

Похожие видео

Добавлено: 55 год.
Добавил:
  © 2019-2021
  Путин қазақ жері арқылы газ құбырын салып, орыс мектептерін ашпақ. Доллардың өсу, бюджет тапшылығы - RusLar.Me